2022-2023 оқу жылы 1-қыркүйек-Білім күні. "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбындағы сынып сағаты » Жаңаауыл негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (723) 433-19-82
Есепші бөлімі:
+7 (776) 547-42-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
2022-2023 оқу жылы 1-қыркүйек-Білім күні. "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбындағы сынып сағаты
01
сентябрь
2022

2022-2023 оқу жылы 1-қыркүйек-Білім күні. "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбындағы сынып сағаты



 



«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

2-4 сыныптар


                 Өткізген: Исаева Бекзат Ерболовна







2022-2023 оқу жылы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Күні

01.09.2022

Сынып жетекші:

Исаева Бекзат Ерболовна

Сынып

2-4 біріккен сынып


Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар  (тақырып мазмұнын ашатын)

«Еңбек түбі береке»

 «Отан-отбасынан басталады»


Сабақтың мақсаты:

  • Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
  • Шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.  
  • Еңбек жасай білу дағдыларын дамыту.
  • Еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. 

Құндылықтарды дарыту 


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет 

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт 

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру.

Біз әдепті баламыз,
 Біз ерекше боламыз.
 Қонақтарды көргенде,
 Сәлемдесіп аламыз.

«Ой шақыру» кезеңі. Сұрақ-жауап

           4-сынып:

1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды  қалай түсінесіңдер?

2. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.

3.Қандай адамды еңбекқор дейміз?

Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.

4. Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?

Сабақ оқу,     мамаларымызға көмектесу.

5. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? 

Сұрақтарға жауап беру арқылы «Еңбек», «Еңбексүйгіштік» сөздеріне постер құру

2-сынып:

«Шатасқан әріптер»  ойыны

О

Т

А

Н

2

1

4

3

Отан - отбасынан басталады деген мақал шығады.

-Балалар, Отан отбасынан басталады дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың жауаптары)

Отбасы кімдерден құралған?

-Дұрыс айтасыңдар. Отбасы ата-ана мен баланың және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отанымыздың, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Слайдтағы суреттермен жұмыс.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша      орындарына отырады.






 Оқушылар постер құрайды 

Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












Қызығушылықты ояту» кезеңі. Ертегі

Ортаға оқушылардың «Еңбекпен  тапқан  тиын»ертегісінің сахналық көрінісін тамашалайық.

/Грузин ертегісі/

Біреудің ерке ұлы болыпты.Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып –қағып,киіндіріп жүріпті.Ақыры кәрілік жеңіп,сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты :

  • Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін.Ұлыма ештеңе

қалдырмаймын.Ол –жалқау. Ұлын аяп,анасы он сомдық алтын береді:

  • Кешке дейін бір жерде бола тұр,-дейді ол баласына.     Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң « Мынаны еңбегіме алған едім »,-деп әкеңе бер.

Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

  • Бұл  сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес,-депті.

Ұлы жымиып күліпті де, түк айтпай шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

  • Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз,балам.Одан да ақшаны жұмыс

істеп тап , -деп ақыл айтыпты.

Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді.Тапқан тиынын әкесіне береді.Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:

  • Жоқ,бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,-депті.

Бұған ұлы шыдай алмай,шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады

да:

  • Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым.Сіз

оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай?-деп айқай салыпты.

Сонда әкесі тұрып:

  • Бұл ақшаны шынында да,өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, - депті.

Ертегі бойынша сұрақтар қою.

  1. Қарияның ұлы еңбекқор ма? 
  2. Қария қандай шешім қабылдады?
  3. Анасы ұлына қандай ақыл береді?
  4. Өз еңбегімен тапқан алтынын ұлы отқа тастай салды ма? Неге?

Міне, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға















презентация












Ортасы (20 мин)


. «Жалғасын тап!» ойыны.

Ендеше, балалар, еңбек  туралы мақалдарды еске түсіріп, «Жалғасын тап!»  ойынын ойнайық.

  1. Еңбек түбі – ...     (зейнет )
  2. Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің )
  3. Еңбек адамның ... ( екінші анасы )
  4. Еңбек – ата, ... ( жер – ана)
  5. Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан )
  6. Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан )

Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.  








Оқушылар мақал мәтел айтады

презентация

Соңы 






Рефлекция: «Бірлік»

-Келіңдер,ортаға шығып бір-біріне қарама-қарсы тұрыңдар. Қазір,сендер мына жіпті бір-біріне бересіңдер және өздеріннің болашақта Отанға қосатын үлестеріңді айтасыңдар. Мысалы:мен оқушыларды білімді азамат етіп шығарамын.

-Балалар. Жіп бізді не істеп тұр? Біріктіріп.

-Дұрыс айтасыңдар, біз әрқашанда бірігіп жұмыла жұмыс жасасақ үлкен белестерді бағындыра аламыз. 

-Сабақ осымен аяқталды.Рахмет













презентация






Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы, Жанааул ауылы, АТАУСЫЗ №14,1

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru