Көгалдандыру айлықтарының жүргізілуі бойынша "Құстар - біздің досымыз" атты іс-шара
Құстар - біздің досымыз
Құстар адамның да, табиғаттың да адал досы, жанашыры. Олар үнемі құрт-құмырсқалармен қоректеніп, ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалап отырады. Соның ішінде әсіресе тоқылдақ, бұл құстың екінші аты- орман емшісі. Көктем мезгілінде құстар оралып, әнші құстар сайрап, айналаны түгел қуанышқа бөлейді.
Құс – біздің досымыз. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға до. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады. Қараторғай да өте сүйкімді, кішкентай құс. Осындай ауылымызға келген құстарға мектеп оқушылары ұя, жемшашар жасап, тоғайларға орнатты. Табиғат аясында шеңбер құрып, құстар туралы мәліметтер айтып, өлең оқып, құстар туралы әңгіме жүргізді.
Балалар құстарға, табиғатқа қамқорлық жасау керектігін ұғынып, аялау керектігін ұғына білді.
Біз балаларды табиғат ананы сүюге, оған қамқорлықпен қарауға шақырамыз!
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=621370733103218&id=100056908907455&mibextid=Nif5oz
