2022-2023 оқу жылы "Көне тарих куәсі" мектеп жұражайы
Бүгін таңда көптеген мектептерде мұражайлар ашу игі істердің бірі болып табылуда. Сондай игі шаралардың бірі – «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ-де ашылған көне тарихтан сыр шертетін «Көне тарих куәсі» атты мектеп мұражайы. Мұражай ашудағы мақсат өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілерімен таныстырып, жеке адамның да, бүкіл ғаламның да рухани жетілуіне ықпал жасау.