«Ардагер ұстаздар» атына оқу кабинеттері ашылуы » Жаңаауыл негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (723) 433-19-82
Есепші бөлімі:
+7 (776) 547-42-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2019

«Ардагер ұстаздар» атына оқу кабинеттері ашылуы

Ардагер ұстаздар

18 мамыр күні Жаңаауыл негізгі орта мектебінде «Ардагер ұстаздар» атына оқу кабинеттері ашылуына орай салтанатты жиын өтті.
Оқу кабиенттерін ашудағы мақсатымыз – ардагер ұстаздардың ұстаздық жолын жас ұрпаққа паш ету, ұрпақтар сабақтастығының жалғасын тауып, дәріптеу.
Салтанатты жиын оқушылардың арнау тақпақ, өлеңдермен басталды. Келген қонақтарға сөз берілді. Боран ауылдық округінің әкімі Наурызбаев Айдос Сағдоллаұлына және Аудандық білім бөлімінің өкілдері: әдіскер Бұлжанова С.Т., маман Гаухар Кенжеалы қызы сөз сөйлеп жүрек жарды тілектерін арнады. Бұлжанова С.Т. орыс тілі оқу кабинетінің лентасын қиып, шашу шашты.
«Рухани жанғыру» бағдарламасының аясында осы білім ұясында қызмет атқарған, зиялы, бір туар, ірі тұлғалар аға буын өкілдерінің тынымсыз еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленіп, зор алғысқа ие болған ардагерлерімізді ұлықтап, өшкенімізді жаңғыртып, жаңартып бас қостық. Оқу кабинеттері жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қашанда халқым, Отаным деп, еңбек еткен Тұрғанбаев Мамырбек, Тұрарова Нақан Миғышқызы Байсаринов Алтыбай Байсаринович, Қайырбаева Хатима, Жақаева Бақытжан Жақияқызы сынды зейнеткер ұстаздар атына ашылды.
Соның бірі – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған 1970-1978 жылдары Жаңаауыл сегізжылдық мектебін басқарған, мектеп жанынан 50 орындық интернат ашып, жан-жақты дамытуға сүбелі еңбегін қосқан Тұрғанбаев Мамырбек – қаламы жүйрік, дарынды да, дара ұстаз, үлкен жүректі асыл азамат еді. «Орнында бар оңалар» демекші асқар тау әкелерінің, абзал аналарының артында қалған ұрпақтары келіп қатысып, еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген ұлдары – облыстық ішкі-істер департаментінің отставкадағы полиция подполковнигі Тұрғанбаев Болатбек Мамырбекұлы , «Интернационалист – жауынгер», «Чернобыль апатының ардагері», «Ерлігі үшін», орденінің иегері Тұрғанбаев Ерболат Мамырбекұлы әке рухына тағзым білдіріп, 3/1 принтерін сыйға тартты.
Оқу кабинеті иелерінің бірі- білікті, ардагер ұстаз Тұрарова Нақан Миғышқызы қасиетті қара шаңыраққа Жаңаауыл сегіз жылдық мектебінде Жақаев Жақия Тоғанасұлымен бірге жарты ғасырлық ұстаздық еңбегінің көп жылын осы мектепке арнап, қызметтерін абыроймен атқарды. Жақия ақсақалдың тәрбиелі де, ауыл- аймаққа дос жаранға сыйлы отбасында дүниеге келген балалары да, тәрбиелі, ұстаздардың жолын қуған, елге белгілі азамат болып өскендігінің куәсіміз.
Әке жолын жалғастырған ұл-қыздары – білімді ұстаз, білікті басшы ретінде ел тізгінін ұстап, оқу ісі меңгерушілігінен бастап, 1996 -2006 жылдары мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы қызыметін атқарған, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері, жоғары санатты мұғалім Жақаева Бақытжан Жақияқызына физика кабинетінің аты берілді. Жақаев Аманжол Жақияұлы- дене шынықтыру маманы, зейнеткер.Мұны бір жағынан ұстаздар әулетінің ұрпақтар жалғастығы үшін. Жақаевтар әулеті атынан орыс тілі кабинетіне 3/1 принтерін тарту етті.
Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті кабинетіне – алғашқы ұстаздық еңбек жолын бастаған, осы білім ордасында үздіксіз 40 жыл бойы аянбай қызмет атқарған жоғарғы санатты зейнеткер Қайырбаева Хатима ұстаздың атын беру лайық деп танылды. Заман жүгін бірге көтеріскен, еңбек жолын бірге бастаған жұбайы- Смағұлов Сағынбек ақсақалмен бірге қызығынан қиындығы мол кәсіпке өмірлерін арнаған.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы, Жанааул ауылы, АТАУСЫЗ №14,1

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru