ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ 2022- 2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ 2022- 2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ
1 ЖАРТЫЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ
2022-2023 оқу жылында жаратылыстану пәндері бірлестігінің тақырыбы: Жаңа технология әдістерін қолдана отырып, математика –жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша оқушы біліктілігін дамыту
Әдістемелік бірлестікте барлығы 5 мұғалім бар. Биылғы 2022-2023 оқу жылында кезекті аттестациядан өтетін математика пәні мұғалімі Ерғазы Д. Б. Әдістемелік бірлестігінің жоспары оқу жылының басынан 1-отырыста құрылып, бекітуге ұсынылды. 1 отырыста 2020—2021 оқу жылындағы ӘБ жұмысының қорытындысы жасалды, Мұғалімдер 2022-2023 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттың бағдарламасын басшылыққа алып, күнтізбелікке енген 36/72 сағаттық өзгерістерді ескере отырып күнтізбелік жоспар жасалынды, тексеріліп, бекітуге ұсынылды. Пән апталықтарының жоспары құрылып, апталықта пән бойынша жауап беретін мұғалімдер белгіленді. 1 жарты жылдық мониторинг талқыланды. Тоқсан сайын пәндерден ТЖБ, БЖБ уақытында алынып отырылды. Ұстаздар жыл бойына республикалық, облыстық, аудандық газет-журналдарға жазылып отырады. 1 жарты жылдықта оқушылармен жұмыстар жасалынды. Оқушылар 2022-2023 оқу жылында облыстық «Дарын» орталығы ұйымдастырған, «Үркер» иновациялық идеялардың конкурстарына, аудандық пәнаралық олимпиадаларға, «Зерде» ғылыми жобаларына қатысты.
Жаратылыстану бағытындағы мғалімдердің жетістігі техникалық пән мұғалімі Хамитов Е.Е. 2022жылдың 3 қарашасында «Қалдық заттарға екінші өмір сыйлайық» тақырыбында өткен облыстық ғылыми «Зерде» сайысында 4 сынып оқушысы Сағатбекова Кәусар 3 орынды иеленді.
ШҚО ББ Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Күз сыйы» Бақытова Нұрай 1 орын иеленді.
Инновациялық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» идеялар көрмесі облыстық кезеңнен Оқанбаева Бибігүл 3D модельдеу саласы бойынша сертификатпен марапатталды, аудандық кезеңінен ауыл шаруашылық техникасы саласы бойынша Қабыкен Нұрділда 1 орын иеленді.
Жас математика пәні мұғалімі Ергазы Д.Б. жетекшілігімен Республикалық 5-6 сынып оқушылар арасындағы олимпиадасының аудандық кезеңінен математика пәнінен 6 сынып оқушысы Шайханова Кәусар жүлделі 3 орын иеленді.
2022-2023 оқу жылында қаңтар айында 7- 9 сынып оқушыларының арасында өткізілген сайыста 8 сынып оқушысы Оқанбаева Бібігүлдің қатысуымен жетекшісі Толық Ж.О «Өлкетану» аймақтық білім беру бағытына «Біз Қазақстан халқы ортақ тарихи тағдырмен біріктірілген» номинациясына байланыстырылған «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» Ұлы апат жылдары 300 жыл бұрынғы «Тасада қалған көне тарих» тақырыбына қысқа метражды фильмдер ұсынып, ауданнан 1-ші орын иеленді, облысқа 2 –ші кезеңіне ұсынылып сертификатпен марапатталды.
Өткен жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл мұғалімі-2022» байқауына қатысып, мектеп директоры Мустафина Гүлшат Чайханқызы бірінші орын тұғырынан көрінді. 2022 жылы жаңа оқу жылы қарсаңында дайындық бойынша «Үздік негізгі орта мектеп» номинациясымен марапатталды.
«Шығыс» өңірлік орталығы экологиялық саладағы проблемалық мәселелерге назар аудару, қоршаған ортаны қорғау, жөніндегі озық іс-тәжірибелерді тарату мақсатында Үздік экологиялық білім беру ұйымы Ұлттық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. «Жасыл Қазақстан: Қазақстанның үздік экологиялық жобасы» номинациясын ШҚО ББ Кұршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ алды.
2022 жылдың 4 қарашасында Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева – қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер- ұстаздың өңіраралық педогогикалық оқуында «Оқушылардың ойлау көкжиегін дамытуда жаратылыстану пәнінің ерекшелігі» тақырыбында химия биология пәні мұғалімі Жамчитова Н:Е іс-тәжірибесімен бөлісті..»
Ұлы ұстаздың оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу жолдары» атты әдістемелік оқу құралын басшылыққа алды. Ойлы сұхбат жүргізіп...» ерте жастан экологиялық мәдениет» қалыптастыру жолында жобаларға қатыстырды, сабақты қызу еңбекке құрды, сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы дәрежесінде қатыстырды, «Ой тастау, ойланту, ойлану» технологиясын әріптестеріне күнделікті сабақтарында қолдануды ұсынды. Өңіраралық оқуға қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды, жазған мақалалары Қ.Бітібаеваның жинағына кірді.
Жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі: Жамчитова Н.Е.