2020-2021 о. ж "Аналар мектебі", "Әкелер мектебі" жобалары бойынша
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз айтқандай жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес.Арғы ата-бабаларымыз жас ұрпақты елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрлерді үйретіп, солардан тәлім алуға шақырған. Осы жолмен оқушылар аналарымен, әкелерімен бірге жұмыс жасап, тәлім алуда. Мектеп «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жобалары іске асырылуда.