1 маусым Халықаралық балалар күніне орай 1-4 сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста» бағыты бойынша «Пайдалы демалыс – сүйікті кітаптарды оқимыз» тақырыбында іс-шара өтті.
Мектеп жанындағы лагердің жұмыс жоспары бойынша оқушылар ауыл табиғатын тамашалап, өзенге саяхат жасауға шықты. Өзен жағасында релаксациялық жаттығулар жасап, демалып қайтты.