2022-2023 о.ж. Гуманитарлық бірлестігінің жылдық есебі » Жаңаауыл негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі»
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7 (723) 433-19-82
Бухгалтерия
+7 (776) 547-42-82
Версия для
слабовидящих
01
июнь
2023

2022-2023 о.ж. Гуманитарлық бірлестігінің жылдық есебі

Гуманитарлық бірлестіктің 2022-2023 оқу жылы бойынша жылдық қорытынды есебі

Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің құрамына  мұғалім енеді. Преподаватели сапасының құрамы талапқа сай. Маман емес мұғалімдер жоқ. Жоғары білімді - 4 мұғалім. 1 мұғалім – педагог-зерттеуші, 2 мұғалім – педагог-сарапшы, санаты жоқ мұғалім – 1.

2022-2023 оқу жылындағы гуманитарлық пән мұғалімдерінің сапалық құрамын төмендегі кестеден көруге болады:

Тегі, аты-жөні

Пәні

Сынып 

Білімі

Соңғы курстан өткен жылы

1

Меирманова Аружан Қайратқызы

Ағылшын пәні

5-9

Жоғары

2023

2

Тоқтасынова Гүлнар Какенқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті

5-9

Жоғары

2021

3

Нукебаева Раушан Абраевна

Орыс тілі мен әдебиеті

2-9

Жоғары

2023

4

Абжанова Асем Кажыбекқызы

Тарих пәні

5-9 

Жоғары

2021

Әдістемелік бірлестіктің 2022-2023 оқу жылына құрылған жоспар бойынша жұмыс жасады. Әдістемелік нұсқау хаттың бағдарламасын басшылыққа алып, күнтізбелік тақырыптық жоспар жасап әр пән мұғалім күнтізбелік жоспар құрып, әдістемелік бірлестікте қаралып, бекітілді. Сонымен қатар мұғалімдердің ҰМЖ, ОМЖ ж/е күнтізбелік жоспарлары қаралып, бекітуге жіберілді. Әр пәннің жүргізілу деңгейі қадағаланды. 

Бірлестік алғашқы жұмысын Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күніне арналған іс - шараларының жоспарынан бастады. Мерекелік іс-шараны 2022-2023 оқу жылының 12-16 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланып, бекітілді.

Мақсаты: Білім берудегі үш тілділікті іске асыру. Үш тілде сөйлеуді меңгеру; Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау; Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Міндеті: Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, үш тілде еркін сөйлеу. Тіл мәдениетін жетілдіру

Атауы\


Сынып

Күні

Жауапты


1

Ашылу салтанаты

2-9

12.09.2022

Бірлестік мүшелері 

2

«Көркемсөз» оқу

5-9

13.09.2022

Тоқтасынова Гүлнар 

3

«Ертегілер еліне саяхат»

1-6

14.09.2022

Нукебаева Раушан

4

«Әзілің жарасса атаңмен ойна»

5-9

15.09.2022

Меирманова Аружан 

5

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» қорытынды

2-9

16.09.2022

Бірлестік мүшелері

Үштілділікті дамытудың кешендік жоспарын іске асыру аясында Тілдер мерекесіне арналған апталық жоспар бойынша жүргізілді. Тілдер мерекесінде қарастырылған іс-шараларға бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары да қатысты. Күнделікті жүргізілген іс-шаралар жоспарлы жүргізіліп, қорытындысы ӘБ жиынында талқыланып, олқылықтар дер кезінде түзетіліп отырды. Әр күнгі іс-шарада оқушылар үштілділікке бағытталған тапсырмаларды толықтай қызығушылықпен орындап шықты.

Тоқсан сайын пәндерден БЖБ, ТЖБ уақытылы алынды. Бірлестік мүшелері баспасөзге, әдістемелік журналдарына 100% толық жазылды. Бірлестік жоспар жылдық бойынша жоспарланған шараларды толығымен жүзеге асырды. 

2022-2023 оқу жылы қазан айында гуманитарлық бірлестік жоспарлы түрде пәндік апталық жүргізді.

Апталықтың әдістемелік тақырыбы: «Жаңа бағдарлама-сапалы білім

берудің негізі»

Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың

функционалды сауаттылығын арттыру,сабақта алған білімдерін дамыту.

Пән иелері ашық сабақтар өткізіп, үзіліс арасында әр пән бойынша шаралар өткізіліп тұрды. Соңында «Тілім менің тірлігім» атты қорытынды кеште онкүндік бойы өткізілген шаралар қорытындыланып, марапатталды. 

Нәтижесінде Республикалық «Мағжан оқулары» конкурсынан бас жүлдені - 4 сынып оқушысы Оқанбаева Елдана, 1 орын - 6 сынып оқушысы Әзенова Інжу жеңіп алды. Жетекшісі Тоқтасынова Гүлнар Какенқызы алғыс хатпен марапатталды. Республикалық 5-6 сынып оқушылар арасындағы олимпиадасының аудандық кезеңінде ағылшын, қазақ тілі пәндерінен жүлделі 3 орындарды иеленді.

5-6 оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде ағылшын тілі пәні бойынша III- орын алған 6 сынып оқушысы Сағатбекова Айару.

Бастауыш оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде ағылшын тілі пәні бойынша III- орын алған 4 сынып оқушысы Сағатбекова Кәусар. Мұғалімі: Меирманова А.Қ.  

Ақын жазушылардың даталы мерейтойларына арналған мектепішілік іс-шаралар өткізілді.М.Әуезов-125 жылдығына арналған «Көксерек» шығармасы бойынша дебат өткізілді. 

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жылдық жоспар бойынша өткізілген жұмыс қанағаттанарлық деп қорытындыланды.

Оқушылар жыл көлемінде қашықтықтан өткен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Нукебаева Р.А.
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наш адрес
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы, Жанааул ауылы, АТАУСЫЗ №14,1

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» Управления образования Алматинской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru