ШЖМ бастауыш сыныптар бойынша аудандық семинар
Марқакөл өңірі бойынша бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинардың теориялық бөлімі үйлестіруші Г.Ч.Мустафина “Сабақты тиімді жоспарлау” тақырыбындағы шеберлік сабағымен бастады. Жас мамандардың интеллектуалдық қабілетін дамытуға арналған “Квест” ойыны өте сәтті шықты. Мұғалім шеберлігін шыңдауға арналған ситуациялық тапсырмалар беріліп, кез келген мұғалімнің тығырықтан шыға білетіндіктерін көрсетті.
Семинар жоспары бойынша практикалық бөлімі кезінде кіріктірілген сыныптарда ашық сабақтар берілді. 1- сыныпта А.М. Чапатова жетекшілігімен математика пәнінен “2,4,6,8,10 сандарының жартысы”, 3-сыныпта Жамчитова Н.Е. “Дөңгелек сандарды ауызша көбейту және бөлу”, біріктірілен сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінен 2 сыныпта Қазақстан байрағы, 4 сыныпта Теңізшілер туралы әңгіме тақырыптарында ашық сабақтар өтті. Сонымен қатар шағын орталық пен даярлық тобының тәрбиешілерінің жетекшілігімен “Ертегілер елінде” атты сахналық қойылым мен қуыршақ театры қойылды.
Семинар аясында тағы бір ұлағатты шараның бірі мектепішілік “Көне тарих куәсі” атты тарихи мұражайдың ашылуы. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-бабаларымыздың жасап кеткен қазына байлықтарының үлгілерімен таныстыру мақсатындағы мұражайдың келешек ұрпаққа берері көп. Жылдар өткен сайын өскелең ұрпақ өз елінің тарихын біліп, туған жеріне құрметпен қарап, өзінің үлесін тигізеді деген ойдамыз.
Ой-толғаныс бөлімінде семинар қатысушыларымен қорытынды жасалынып, шағын концерт өткізілді.