Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, жыныстық қылмыстардың алдын-алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша ақпарат » Жаңаауыл негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (723) 433-19-82
Есепші бөлімі:
+7 (776) 547-42-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, жыныстық қылмыстардың алдын-алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша ақпарат
14
октябрь
2022

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, жыныстық қылмыстардың алдын-алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша ақпарат

«Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, жыныстық қылмыстардың алдын-алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша ақпарат

Кәмелетке толмағандарға қатысты орлық-зомбылық, жыныстық қылмыстардың алдын-алу жөніндегі пилоттық жоба пункттері бойынша жұмыс жасалынып, мектепте сәтсіз отбасылар жоқ екені анықталды.                           Сонымен қатар мектеп медбикесі Абдрахманова А.Б  оқушылармен, ата-аналармен кездесе отырып, кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын-алу  және салауатты өмір салтын насихаттау, қауіп факторларын төмендету бойынша дағдыларды қалыптастыру мақсатында қарым-қатынас сағатын өткізді. ІІБ қызметкері оқушылармен   кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық туралы, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сатып алуға, түнгі уақытта көшеде жүруге болмайтындығы жайлы  әңгіме сағатын жүргізді.                                                                         

Мектеп тәлімгері Ерғазы Д.Б  5-9 сыныптар арасында «Зорлық-зомбылық түрлері» тақырыбында  тренинг сағатын өткізді.  Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру, зорлық-зомбылық жайлы оқушылардың ойларын, ата-анасымен қарым-қатынасының жақсы екенін білу мақсатында «Зорлық-зомбылық туралы мен не ойлаймын» сауалнамасы алынып, қортындысы шығарылды.

Сауалнама қорытындысы

Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру, адам өміріне қауіпті екенін айтып көрсету. Зорлық-зомбылық жайлы оқушылардың ойларын, ата-анасымен қарым-қатынастының жақсы екенін білу, қатыгездіктің құрбаны болып жүрген оқушылардың бар-жоғын анықтау.

«Зорлық-зомбылық туралы мен не ойлаймын» сауалнамасы 5-9 сынып оқушыларынан алынды. Сауалнама 13 сұрақтан құралды. 

  1. Зорлық деген сөзді қалай түсінесің? Деген сұраққа оқушылардың барлығы қол жұмсау – 100% қорқыту – 100%  мәжбірлеу – 100%-ды көрсетті.
  2. Сенің ойыңша, қай жерлерде, кімнен бала қорлық-зорлыққа тап болуы мүмкін? деген сұраққа 19 оқушы  көшеде, бейтаныс адамдардан - 100%-ды көрсетті.
  3. Қиын жағдайда не істейсің? Әкемнен көмек сұраймын- 95% 

Милициядан көмек сұраймын – 47%. Сынып жетекшіден – 11%

  1. Ата-анаңмен қарым-қатынасың қандай? Барлығы жақсы қарым-қатынастамын -100% көрсетті.
  2. Жазалау барысында көбіне қандай шара қолданады? 10 оқушы – дұрыс еместігін түсіндіргісі келеді. телевизор, компьютер қарауға тыйым салады-79%,   түсіндіріп көндіргісі келеді-95% көрсетті.
  3. Әке-анаңның жазалауымен келісесің бе? 19 оқушы – «иә» деп жауап берген -100%.
  4. Бір нәрсеге ашуланып, сенен өш алған кездері болды ма? деген сұраққа  еш уақытта деп - 100% жауап берді. 
  5. Өзің ата-ана болғанда өз балаларыңды жазалайсың ба? деген сұрақ бойынша «жоқ» - 100% .
  6. Әке-анаң келесіге ниет білдіре ме? 

Сені мақтауға, құшақтауға, сүюге:  «үнемі» – 74 %

Сені соғуға, үйден қууға, қараңғы бөлмеге қамауға – «еш уақытта» -100%

  1.  Істеген үлкен қателіктерің үшін қандай жаза қолданады? деген сұрақ бойынша жауаптар:

Анаң «Ешқашан»- 79%, қолданады - 21%.

Әкең «Ешқашан» -100% 

  1.  Өз жанұяңда паналы, сүйікті екеніңді сезінесің бе? «иә» - 100%.
  2.  Егерде адам зорлыққа тап болса, қандай мекемелерден көмек сұрай алады деп ойлайсың? 

Ата-ана деп жауап бергендер - 95%

Полиция деп жауап бергендер - 90%

  1.  Біздің заманынмызда баланы зорлықтан қоғау үшін қандай құжаттар бар? 

Бала құқығы туралы конвенция – 100%

Қорытынды: Бұл сауалнама жасырын түрде өтті. Балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын бүлу үшін жүргізілді. Сұрақтарға шынайы жауап берді. Солардың ішінді 82%-ы жауабын ашық  көрсете білді.


Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы, Жанааул ауылы, АТАУСЫЗ №14,1

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru