Оқу-әдістемелік жұмыс есебі 2020-2021 оқу жылы
Оқу – әдістемелік жұмыс есебі
Қазіргі таңда педагогикалық жаңаша үрдістерде білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру, жариялылық, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми – әдістемелік тың ізденістерге сүйене отырып, жаңашылдыққа талпыну қажет. Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу –XXI ғасырдың басты талабы.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын мәніндегі басты жаңалық пен жақсылықтың нышаны болды. Жолдаудың басты бөлімдерінің бірінде: «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз.
Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқытуды білуде. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғары шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс-тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне енуге бағдарланған жаңа білім жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен тәжірибесіндегі елеулі өзгерістерге алып келді: білім парадигмасы өзгерді, басқаша мазмұн, жаңаша көзқарастар, педагогикалық менталитет ұсынылды
Осы өзгерістер біздің мектепте қалай жүзеге асырылуда, жылдық барысында қандай жұмыстар атқарылды, нәтижесі қандай?
2020-2021 оқу жылында Жаңаауыл негізгі орта мектебінің педагогикалық ұжымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жұмысты жүзеге асыруда. Тамыз айында бекітілген 2019-2020 оқу жылына арналған мектепішілік оқу – тәрбие жоспарына сәйкес, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етіп білім беруде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу – тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарылды.
2020-2021оқу жылында педагогикалық ұжымда барлығы – 12 мұғалім қызмет етті. Жалпы білім беретін 1- 9 сынып аралығында мектеп мұғалімдерінің саны – 11, мектепалды даярлық сыныбында – 1 мұғалім. Оқушылар ұжымы оқу жылының басында 41 білім алушыдан тұрды. Оқу жылы соңында дейін 41 оқушымен аяқталды.
Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы келесі нормативті-ақпараттық құжаттармен реттелді:
-ҚР «Білім туралы» Заңы.
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
-ҚР «Тіл туралы» Заңы.
-«2020-2021 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру оқу мекемелерінде ғылым негіздері оқытылуының ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаты.
-Мектеп жарғысы.
-Жұмыстың жеке тараптарын реттейтін актілер, ережелер (ішкі еңбек, тәртіп ережелері).
-Жылдық жұмыс жоспары.
-Штаттық кесте.
Мектепте 4 әдістемелік бірлестік: жаратылыстану – математика бірлестігі, бастауыш сыныптар және тілдер бірлестігі және де сынып жетекшілер бірлестігі жұмыс жасады.
Мектеп құжаттамасының талдауы бойынша ұйымдастырушылық-басшылық құжатнама бар, педагогикалық кеңестің, директор жанындағы кеңестің хаттамалары тұрақты жүргізілді.
Мектепте білім беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары, ҚР БҒМ 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығы, 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығы негізінде 1-сыныпта жаңа бағдарлама негізінде оқыту жүзеге асырылды. Сондай – ақ, ШҚО әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі «Үш тілді дамытудың 2016-2019 жылдарына арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы» №203 қаулысына және «Үш тілділік дамытудың 2016-2019 жылдарына арналған кешенді жоспарын сынақтан өткізу жөніндегі» 2016 жылғы 26 ақпандағы ҚР БҒМ келісілген жол картасына сай жоспарлы түрде орындалды. Оқу бағдарламасы бойынша жылдыққа жоспарланған сабақтар бағдарламаға сәйкес орындалды, жазба бақылау жұмыстарының барлығы өткізіліп, қорытынды мониторинг нәтижесі анықталды,сараптама жүргізілді.
Әр пән бойынша білім сапасы сараланды:
Посмотреть онлайн файл: 2020-2021-ou-zhyly.docx
2020-2021 оқу жылының әдістемелік кеңес жұмысына қорытынды сараптама жүргізу барысында анықталған мәселелер:
- Мектептің жалпы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық және ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеріп, білім беру жүйесінде жүзеге асыру арқылы білім сапасы мен оқу үлгерімінің деңгейін жоғарылату;
- Педагогикалық ұжымның ерекшеліктерін, оның потенциалдық мүмкіндіктерін әлі де жеткілікті деңгейде зерттеу;
- Заманауи талаптарға сай жаңа инновациялық технология түрлерін жеткілікті деңгейде меңгеру негізінде педагог кадрлардың кәсіби біліктілік деңгейін көтеру.
Кемшіліктер:
- Оқушыларда жан-жақты танымдық қызығушылықтар мен оқу-танымдық әрекетті дамыту негізі ретіндегі педагогикалық шарттар мен мектеп өмірін ізгілендіру жүйесінің жеткіліксіз деңгейде жұмыс жасауы;
- Оқушылардың жоғары шығармашылық және интеллектуалдық потенциалы мен педагогтардың жоғары кәсіби біліктілігінің шығармашылық және зерттеушілік іс-әрекетте толық қолданылмауы;
- Оқушылардың жоғары шығармашылық және интеллектуалдық потенциалы мен педагогтардың жоғары кәсіби біліктілігі жағдайында салыстырмалы түрде білім сапасының төмен болуы;
- Мұғалімдердің шығармашылық ізденісінің нәтижесі ретінде облыстық, республикалық, аудандық сайыстарға қатысуының жеткіліксіздігі.
Ұсыныс:
- Мектептің жалпы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық және ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеріп, білім беру жүйесінде жүзеге асыру арқылы білім сапасы мен оқу үлгерімін жоғары деңгейге көтеру негізінде, сондай-ақ мұғалімдердің әдістемелік және кәсіби мүмкіндіктерін дамыту арқылы педагогикалық ұжымның ерекшеліктерін зерделеуді жалғастыру;
- Педагогикалық ұжымның ерекшеліктерін, оның потенциалдық мүмкіндіктерін әлі де жеткілікті деңгейде танып, білу арқылы заманауи талаптарға сай жаңа инновациялық технология түрлерін жеткілікті деңгейде меңгеру негізінде педагог кадрлардың кәсіби біліктілік деңгейін көтеру және үздіксіз жетілдіру үшін жағдайлар жасау;
- Әрбір мұғалімге және оқушыға өзінің шығармашылық және дербес белсенділігін көрсету үшін жағдай жасау;
- Әрбір мұғалімге оқыту жүйесінің жаңа инновациялық технология жолымен оның білім беру мүддесі мен тәсілдеріне сәйкес кәсіби қызметінің ортасын және проблемалық саласын көрсету;
- Мектептің білім сапасын жоғарлату бойынша жұмыс түрлерін ұйымдастыру
- Үш тілділікке байланысты орыс тілінен, ағылшын тілінен қосымша сабақтар ұйымдастырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізу
- Мектебіміздің барлық қызметкеріне, білім алушыларына ортақ адамгершілік, ізгілік құңдылықтарды қалыптастыру бағытында жұмыс жандандыру;
- «Жас маман мектебі» жұмысын тәлімгерлердің әдістемелік кәсіби іс-тәжірибесі негізінде жаңа бағытта жандандыру;
- Ұжымның шығармашылық және ұйымдастыру белсенділігін одан әрі тереңдете отырып, арттыру