Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, жыныстық қылмыстардың алдын-алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша ақпан айына ақпарат
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, жыныстық қылмыстардың алдын-алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша ақпан айына ақпарат
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, жыныстық қылмыстардың алдын-алу жөніндегі пилоттық жоба пункттері бойынша жұмыс жасалынып, мектепте сәтсіз отбасылар жоқ екені анықталған. Ай сайын мектеп медбикесі оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, қауіп факторларын төмендету бойынша дағдыларды қалыптастыру бойынша қарым-қатынас сағаттарын өткізеді.
Сонымен қатар мектеп медбикесі Абдрахманова А.Б қыздармен жеке бас гигиенасы, кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әңгіме сағатын өткізді.
ІІБ қызметкері оқушылармен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық туралы, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сатып алуға, түнгі уақытта көшеде жүруге болмайтындығы жайлы жиналыс жүргізді.
Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Исаева Б.Е, тәлімгер Ерғазы Д.Б ұйымдастыруымен «Қызғалдақтар» қыздар кеңесінің мүшелері арасында қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы туралы жан-жақты мағұлмат беру арқылы бойларында әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық қасиеттерді дамыту мақсатында әңгіме сағаты өтті.6-8 сныптарға сынып жетекшісі Ерғазы Д.Б «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 5-7 сынып жетекшісі Нукебаева Р.А «Мен бақытты отбасында өмір сүремін» тақырыбында тренинг сағатын өткізді.

