2022-2023 оқу жылы Оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау » Жаңаауыл негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (723) 433-19-82
Есепші бөлімі:
+7 (776) 547-42-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
декабрь
2022

2022-2023 оқу жылы Оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау

Оқушыларды «Жас Ұлан»  ұйымына қабылдау

Ұланбасы: «Жас Қыран» «Жас Ұлан» ұйымының  салтанатты жиынын бастауға  Топтар!Түзел!Тік тұр!

/ ұланбасшы тәлімгерге рапорт береді/

«Жас ұлан» ұйымының аға тәлімгері, топтар салтанатты жиынға дайын!

Рапорт берген мектеп жас ұлан комитетінің  ұланбасы  Оқанбаева Бибігүл.

Тәлімгер: Еркін түр!

Ұланбасы: Топтар, еркін тұр! 

Тәлімгер: Тәуелсіздік – берекенің бір басы,
 Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.
 
Қазақстан сен бір елсің жаһанға,
 Тең танылған таудай асқақ тұлғасы.
 
Құрметті ұстаздар , оқушылар қадірменді қонақтар!    Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»  балалар ұйымы қатарына оқушыларымызды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

 «Бірыңғай «Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық  деп жариялаймыз. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесін орай  салтанатты түрде мектебіміздің 1 сынып оқушыларын  балалар мен жасөспірімдер ұйымының кіші тобы Жас қыранға, 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына қабылдаймыз. 

Ұланбасы:

Оқушылар,  сендер бүгін балалар ұйымына қабылданғалы отырсыңдар.Сендердің барлықтарыңа «Жас Қыран», «Жас Ұлан» атағы  беріледі. Жас қыран бұл дегеніміз.

Балалар хормен:

Жас қырандар-Қазақстанды сүйеді

Жас қырандар-мектепте жақсы оқиды

Жас қырандар-үлкендерді сыйлайды

Жас қырандар-тек қана шындықты айтады

Жас қырандар еңбек пен спортты сүйеді

Жас қырандар - болашақ жас ұландар.

Алғаш ұйымға қабылданғалы отырған оқушыларға ақжол!


Қазақстан күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға, бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»  балалар ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.

Тыңдаңыздар!  Мектеп түзел!   Жас Ұлан туы енгізілсін!

ҚР Гимні орындалсын!

Тәлімгер:

Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан»  ұйымына қабылданған оқушыларға  туымыз түстес көгілдер галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз. (1 оқушы ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз»  деп 3 рет қайталайды.)

Тәлімгер: «Жас Ұлан» ұйымының әнұраны орындалсын!

Ұланбасы:

 Бүгінгі Қазақстан республикасының Тәуелсіздік мерекесімен және ұйым қатарына кірген Жас ұландықтар мен Жас қырандықтарды құттықтау үшін сөз кезегін мектеп директоры Мустафина Гульчат Чайхановнаға береміз.

Ұланбасы: Құрметті оқушылар, «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің  еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!  Жас Ұлан туы шығарылсын.


Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»  балалар ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялай отырып, ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған мерекелік концертімізбен жалғастырамыз.


Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы, Жанааул ауылы, АТАУСЫЗ №14,1

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru