2022-2023 о.ж 1 жартыжылдық бойынша қорытынды есебі
Мектеп тәлімгерінің 2022-2023 оқу жылындағы 1 жартыжылдық бойынша қорытынды есебі
Мектебіміздегі «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы отырысы өтті. Отырыс барысында ұйымның жаңа құрамы сайланып, ұйым міндеттері мен ережелері таныстырылды.
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі қариясын құрметтеу. «Үлкен қария-ағып жатқан дария»ауыл қарттарының үйіне барып көмек көрсетілді.
Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігіноқушылардың бойына дарыту, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу мақсатында ұстаздарды құттықтау сөздері жәнеде гүл шоқтарымен қарсы алу. Сонымен қатар “Дублер күні” ұйымдастырылды.
Күздік демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Өмір маған қымбат” дөңгелек үстел, оқушылардың жағымды қарым-қатынасын дамыта отырып, ізгілікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиетін жоғарлату мақсатында “Адамгершілік-қарым қатынас негізі” атты тренинг өтті.
Патриоттылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халықтарының тарихы өткені, бүгіні және болашағы үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу мақсатында «Жаңа Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.«Тәуелсіздік – тұғырым биік болсын» атты Тәуелсіздіктің 31жылдығына арналған сурет көрмесі өтті.
Мектеп көлемінде барлық оқушылардың қатысумен Тәуелсіздік күні мерекесімен ойластыра «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны жыл сайын оқушылардың асыға күтетін салтанатты жиынымыз жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиында оқушыларымыз ант қабылдап, патриоттық әндерайтылып, «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған жас жеткіншектерге ақ тілектер айтылды.
«Қош келдің, Жаңа жыл» мерекесі өткізіліп, әсем әндер шырқалып, өлең шумақтары айтылып, тәттілер алды.