Кітапхана қорытынды есеп
2021-2022 Оқу жылы
Кітапхана қортынды есеп.
Кітапхана – мектеп мәдени өмірінің орталығы «ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады», деп Елбасымыз атап айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологиялармен айырбастап жібергені анық. Кітапхана – дүниеде ештеңге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. «Кітап – білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, оларды рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны зор. Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен, атқарар қызметі үлкен. Мектеп кітапханасының алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – оқырмандарды кітап оқуға шақыру. Кітапханашылар оқушыларға маңызды ақпараттық ресурстар мен қажетті кітаптарын тауып беріп отыру, электрондық оқулықтарды ұсына отырып, жаңалықтардан қажетті білімді таңдап алуға ықпал етеді. Бұл – оқу тәрбие үрдісіндегі мектеп кітапханасының мәртебесін көтеру. Білімді ұрпақ- егеменді елдің берік тірегі. Білімді болу үшін рухани дүниеміз бай, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық қасиеттеріміз болу керек. Кітапханашылар өзі оқып білген жаңалықтардың бәрін оқырман бойына сол қалпында жеткізеді де жанға жайлы жаңалық тудыра отырып, қиялының шарықтауына, қайырымды бәсеке мен достық қарым – қатынас орнауына жағдай жасауға тырысады. Әрбір кітапханашы өзінің оқырмандарын, яғни мектеп оқушыларын Отан сүюге баулу, туған жерін қастерлеуге үйрету, Қазақстанның ертеңі мен болашағын бүгінгі ұрпақтың өз қолында екеніне көздерін жеткізу, терең білімді, парасатты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы кітапханалар ассоциясының ұйымдастыруы мен ел көлемінде өткізіліп келе жатқан «Оқуға құштар мектеп жобасы» маңызы өте зор Осы жоба аясында балалардың кітапқа деген тұрақты қарым қатынасын, қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Мектеп кітапханасына кітап сыйла» акциясын өткіздім. Акция кітап оқуды жақсы көретіндер үшін қажетті жаңа әдебиеттермен қорды толықтыруға бағытталған. 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында, мектепке сыйға тартылған кітаптарды «Сыйға тартылған кітаптар» атты көрме ұйымдастырдым. Бұл акция – кітап оқитын қауым мен оқырмандарымыздың көбеюіне, байланысты ұрпақтың рухани құндылыққа ден қоюына мол мүмкіндік берері сөзсіз. Жас ұрпақты парасатты да білікті, мәдениетті де, білімді етіп тәрбиелеуде, олардың жан дүниесін дамытуда мектеп кітапханасының алатын орны ерекше.
Кітапхананың тіршілігіне жан беретін кітапханашылар. Ұлттық құндылықтар мен оқырмандар жалғастырушы, үгіт –насихат жүргізуші, педагог – психолог және көмекші әрі ұстаз, әрі үйретуші – кітапханашылар. Олай болса, Қазақстанның болашағы біздің де қолымызда, аянбай, өз үлесімізді қосайық.Кітап – ақыл мен жан азығы. Қазіргі жаһандану заманындағы компьютерлік технологиялар кітаптың құндылығын ешқашан баса алмайды. Өйткені, кітап арқылы біз өмірді үйренеміз, біліміміз молаяды. Көп үлгі мен тәрбие аламыз. Кітап адамның дүниетанымымен кеңейтеді. Адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Кітап бізге ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге береді. Кітап жан серігің, ақылдасар, сырласар досың..Біздің мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектеп іс-шаралар өткізілуде. Білім алушылардың оқу құзіреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін, сауаттылығын арттыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс- шараларға ата – аналарды қатыстыру мақсатында. Мектебіміздің холында үлкен үзілістерде «Буккроссинг» бұрыштарынан «Өзің оқып және өзгеге өзің оқыған кітапты сыйға тарт» атты ұранмен кітап оқу ұйымдастырылған. Өз іс-тәжірибемде оқу бағдарламасына сәйкес ақын- жазушылардың мерей тойларына орай шаралар ұйымдастырылды. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына шығармашылығын дәріптеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында көрме, қашықтықтан Республикалық оқулары сайыстарына бастауыш сыныптың оқушылары қатысты. 3 сынып оқушылары Шайханова Кәусар, Оқанбаева Елдана, жүлделі орындарға ие болды. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Өлеңім шарла ауылды Тыңда, дала, Жамбылды» тақырыбында Республикалық сырттай мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп, бастауыш сынып оқушылары Сағатбекова Кәусар, Оразбекұлы Ералы, Бақытова Нұрәли ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Қазақтың лирик ақиық ақыны, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы тілдер онкүндігінде қойылым қойылып, өлеңдері оқылды. Әр сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізіп, видиороликтер көрсетті. Интернет парақшаларына енгізілді. Ақынның шығармашылығынан «Жырласам ба екен?» республикалық онлайн өнер – білім байқауына «Мәнерлеп оқу шеберлігі» жанры бойынша «Алтын ғасыр»шығармашылық орталығы атынан І орынға ие болған Оқанбаева Бибигүл дипломмен марапатталды. (https://m.facebook.com/story.php?stori_fbid=448878267019133&id=100056908907455&sfnsn=mo) Семей полигонына байланысты көрме ұйымдастырылды 5-9 сыныптар арасында көрме көрсетілді, оқушылар өз ойларындағы полигон болған жер қандай болғанын, көз алдарына елестетіп суреттер салды «Полигонға қарсымыз» атты көрме болды.1953 жылы Совет одағы Семей полигонында дүние жүзіндегі алғашқы термоядралық (сутегі) бомбасын сынақтан өткізді. Мұнда 400- ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде жасалды. Полигон 1991 жылы жабылды. Қазақтың ұлы ағартушысы, қазақ даласына алғаш мектеп ашқан, педагог, ұлы дарабозы жазушы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында «Даланың дара ұстазы» он кундігі ұйымдастырылып, жазушының поэзиялық, прозалық шығармаларын мәнерлеп оқу кезеңдерінен оқушылар арасында сайыс өтті. Сайыс қорытындысы әділқазылар алқасы көрсетілген критерийлер бойынша шығарып, жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен марапатталды. Бас жүлдеге домбыра, І орынға домбыра, ІІ,ІІІ орындарға ақшалай сый- сыяпат берілді. Осы шараларды өткізу барысында ата- аналар комитеті демеушілік көрсетті. Қазақ халқының ұлттық сана- сезімін оятып, азаттық үшін күресуге дем берген, бірнеше шет тілін меңгерген ғалым, бір ғасырда бір – ақ келетін ірі қайраткер тұлға – Әлихан Бөкейханов қазақ зиялылардың басын қосып жүрген қайраткердің туғанына биыл 155 жыл толып отыр соған байланысты бастауыш сынып мұғалімі Исаева Бекзат Ерболовна Алаш белсенділерінің жинағына мақаласы енді. Мектебімізде көрме ұйымдастырылды, бастауыш сынып оқушылары А.Бөкейханның кітабын «Дауыстап оқу» акциясы бойынша кітабін оқыды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімізде көптеген іс-шаралар, тәрбие сағаттары және үзілісте оқушылар видио роликтер көрді, көрмелер ұйымдастырылды. Оқушыларымыз әр сынып болып жеке-жеке 30өлең оқыды. 25кітап оқу бағдарламасы негізінде Рухани жаңғыру «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында мектептің оқушысы Қасайынова Ару Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек» шығармасына зерттеу жұмысын жасады. Ару өз жұмысында Марқакөл жағасында, терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай қызы Ақбілектің прототипі Дариға Әбішқызы жайлы мәліметтер жинақтады. Дариға Әбішқызының немере келіні- мектебімізге келіп, ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Ақбілек» прототипі жайлы кітапханаға қалдырған тың мәліметтерінен қалдырып, оқушыларға бастау алды. Осы зерттеу жұмысының нәтижесінде Алматы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жасалынған сабақ, сыныптан тыс жұмыстарға арналған «Тәжірибе алаңы» атты конференцияда ортаға салынған оң бағасын алды.
Кітапхана мақсаты «Біз дауыстап оқимыз»оқырмандарға кітап оқытумен қатар, жаңадан түскен кітаптарға шолу жасау, оларды оқырман назарына ұсыну. Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл толуына орай мектебімізде көрме ұйымдастырдым. Өкінішке орай,қазіргі таңда қоғамда кітап оқитын адамдар саны азайып кетті.Кітап арқылы сусындаған жастардың тіл мәдениеті таза, ұшқыр ойлай алатын азаматтар болып жетіледі. Кітапханада «Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы» тақырыбында ғалымның шығармашылық қызметін ашып көрсететін шағын көлемді кітап көрмесін ұйымдастырдым QR- кодпен де көрмеге кітаптар қойылды, оқырмандарға құнды мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Ақжол», «Әдебиет танытқыш», «Маса» шығармаларымен таныс. «Айна мен Маймыл» өлеңін мектепбіміздің 5 сынып оқушысы Әзенова Інжу оқыды. QR- кодпен де көрмеге кітаптар қойылды, оқырмандарға құнды мәліметтер ұсынылды. Мнетептің каридорының стеніне QR – кодпен әңгіме кітаптар шығарып қойдым оқушыларға ыңғайлы әрі қызықты болу үшін.Кітап оқу баланың ой- өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады. – өмір ұстазы. Әркім әртүрлі себептермен кітап оқиды: кейбіреулері ой – өрісін кеңейту үшін; басқалары жұмысқа қажетті ақпарат алу үшін; біреу бос уақытын тиімді пайдалану үшін.
Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Оқу сыни ойлауды дамытады, шығармалардың кейіпкерлерінің үлгілі мінез – құлықтарын сіңіруге көмектеседі, тұтастай алғанда адамды тәрбиелейді және рухани байытады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы балаларға кітапқа деген тұрақты қарым- қатынасын, қызығушылығын қалыптастыру мақсатында іс-шараларды әртүрлі форматта ұйымдастыру жалғасын табады. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс, сондықтан бұл байқауымыз оқу жылының соңына дейін жалғасын табады.Ғұлама Әбу ибн Сина кітапхана кітабына: «Өмірде мұндай байлық бар екенін ешқашан ойламаппын», деген жазу қалдырған екен. Біз де осы қолымыздағы байлықты сақтап қалайық. Еселей түсейік. Білім алып жатқан оқушыларымыз кітапты сүйетіндей жағдай жасайық. Сөзімді қорытындылай келе, болашағымыз жарқын, жастарымыз әдепті, кітапқұмар, мәдениетті ұрпақ болып өссе екен деп тілейміз.
Дайындаған : Зайнолданова А.А