2022-2023 оқу жылы 25-қазан Республика күні » Жаңаауыл негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (723) 433-19-82
Есепші бөлімі:
+7 (776) 547-42-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2022

2022-2023 оқу жылы 25-қазан Республика күні

25-қазан Республика күні

Мақсаты: Оқушыларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу. Тәуелсіздікті сақтап,Отанды, елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту. Бо-лашаққа сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу. 

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! 25-қазан   Республика күні құтты болсын! 1990 жылдың 25-қазанында Қазақстанның  мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні.


Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін.

Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,

Ұлан байтақ  Республикам бұл менің.

25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер.

Алаулаған алабынан нұр тамып,
 Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
 Көк байрағың желбірейді төріңде,
 Әнұраның тұр көгіңде шырқалып. Қазақстан Республикасының Гимні шырқалсын.
 (әнұран орындалады)
 

Салтанатты жиынымыздың   алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Мустафина Гульчат Чайхановнаға беріледі.

Ән: «Қазақстан - Отаным менің». Орындайтындар: 4сынып оқушылары
 Әдеби монтаж

Ән:



Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! 25-қазан  Республика күні құтты болсын! 25-қазан  Республика күні құтты болсын! Балалар, өздерің білетіндей, 1990 жылдың 25-қазанында Қазақстанның  мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – біздің ұлттық мереке, Республика күні.

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.


Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы, Жанааул ауылы, АТАУСЫЗ №14,1

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru