2020-2021 о.ж "Көне фото тарихы" жобасы » Жаңаауыл негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (723) 433-19-82
Есепші бөлімі:
+7 (776) 547-42-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2021

2020-2021 о.ж "Көне фото тарихы" жобасы

Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығы филиалы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білмі бөлімі, Алматы облысы «Алматы облыстық білім берудің дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КММ бірлескен 07.06.2020-25.05.2021 жыл аралығындағы «Құндылықтар: сабақ, тәрбие сағаты және сыныптан тыс тәрбие жобаларына біздің мектеп те қатысудамыз. «Көне фото тарихы» жобасы аясында эссе жазылып, онлайн көрме ұйымдастырылды. Сынып жетекшілерімен бірлесе жасалған жобалар арқылы оқушылар өткенін зерттеуге дағдыланды. Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошаққасынан басталады. Отбасы – тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелесек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерімізде сол құндылықтарды дәріптейміз. Әкесі мен баласы, қызы мен анасы, бозбала мен бойжеткен арасындағы жарасты қарым-қатынас отбасындағы ұлттық дәстүрді берік ұстанудың бір жолы. Халқымыз ұлын нарға, қызын арға балап, татулықты абысындар арасынан тапқан, жігіттің бойынан елге қорған боларлық батырлық қасиетті іздеген. Тәрбие жобалары негізінде «Анамның бір күні», «Әкемнің бір күні», «Әжемнің бір күні», «Атамның бір күні» жобалары сынып жетекшілерінің жоспарларына енгізілді. 

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы, Жанааул ауылы, АТАУСЫЗ №14,1

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru