2023-2024 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған
кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары
Мақсаты:
- оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдарлы қолдау көрсету.
- оқушылардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау.
№ | Іс- шара мазмұны | Сынып | Мерзімі | Жауапты |
1. | Кәсіптік бағдар беру кабинетіндегі материалдарды жаңарту және оны өзекті ақпаратпен жүйелі қамтамасыз ету бойынша әдістемелік материалдармен толықтыру | Қыркүйек | Педагог-профориентатор | |
2. | - «Қайда оқуға баруға болады?» стендін әзірлеу; - «Кәсіптік бағдар беру-2024» стендін дайындау; - «Мамандықтар әлемінде» сурет сайысы -«Еңбек күні» еңбек ардагерлеріне құрмет - «Менің кәсібім- менің жетістігім» кәсіпкерлермен кездесу,сұхбат | 5-7 5-9 7-9 | Қазан | Педагог-профориентатор |
3. | Кәсіптік бағдар бойынша кеңестер беру. «Бүгінгі қажетті мамандықтар» "Мамандықтар әлемінде" "Түлекке көмек", "Оқуға қайда бару керек". | 7-9 | Қазан Қараша | Педагог-профориентатор |
4. | Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарына экскурсия өткізу | 7-9 | Жыл бойы | Педагог-профориентатор |
5. | Оқушыларды жоғары оқу орындарының «Ашық есік» күндеріне экскурсия апару | 7-9 | Жыл бойы | Педагог-профориентатор |
6. | "Болашақ мамандықтары" дөңгелек үстелі | 7-9 | Қараша | Педагог-профориентатор |
7. | Кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша ата-аналарға жеке кеңес беру | Ата-аналар | Жыл бойы | Педагог-профориентатор |
8. | Балаларды оқыту бейіні мен кәсібін саналы таңдауға дайындаудың негізгі мәселелері бойынша ата-аналармен тақырыптық топтық әңгімелер ұйымдастыру,сауалнамалар жүргізу. | Ата-аналар | Жыл бойы | Педагог-профориентатор |
9. | Ата-аналармен жұмыс: - ата-аналар жиналысы «Жас өспірімдерді мамандық таңдау және өзін-өзі анықтау процесінде ата-аналардың рөлі» | Ата-аналар | Желтоқсан | Педагог-профориентатор |
10. | Кәсіби бағдар бойынша ақпаратты сайтқа орналастыру | 7-9 | Жыл бойы | Педагог-профориентатор |
11. | «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбынды жарнамалық буклеттер сайысы | 5- 9 | Қаңтар | Педагог-профориентатор |
12. | Мектеп оқушыларының аудандық және мектепішілік кәсіптік бағдарлау іс-шараларына қатысуы | 9 | Жыл бойы | Педагог-профориентатор |
13. | Оқушылар мен кәсіптік бағдарлау ойындары мен тренингтер өткізу. «Менің сүйікті мамандығым » өссе жазу | 9 | Ақпан | Педагог-профориентатор |
14. | Кәсіби консультация: - 8, 9 сыныптарда кәсіптік өзін-өзі анықтау саласын түзету; - Менің болашақ мамандығым тақырыбынды сауалнама - Мамандықтар әлемін баяндайтын әдебиеттермен танысу. | 7- 9 | Жыл бойы | Педагог-профориентатор |
15. | Қонақ сабақтарын өткізу: кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесулері | 7-9 | Жыл ішінде | Педагог-профориентатор |
16. | 1.Кәсіптік бағдар бойынша кітап көрмелері. 2.«Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» студенттермен кездесу кешін ұйымдастыру | 1-9 | Ақпан | Педагог-профориентатор Сынып жетекшілер |
17. | Кәсіби бағыттылықты анықтау мақсатында оқушыларға тестілеу мен сауалнама жүргізуді ұйымдастыру. | 7-8 | Наурыз | Педагог-профориентатор |
18 | Сынып сағаттарының серияларын өткізу "Жүз жол – бірі сенікі" "Мен және менің болашақ мамандығым" "Армандарды қалай жүзеге асыруға болады" "Жас болу оңай" "Адамдар өмірде не іздейді" | Жыл бойы | Педагог-профориентатор | |
19 | Оқушыларымен әңгімелесу: - өңірлік еңбек нарығындағы жағдай - өңірлік нарықта талап етілетін мамандықтар бойынша ақы төлеу деңгейі; Таңдалған мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту мүмкіндіктері; Таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және т. б. | 8-9 | Жыл ішінде | Педагог-профориентатор |
20 | «Өмір жолын қалыптастыру, кәсіби мақсаттар» әңгімесі және сауалнамалар жүргізу | 9 | Наурыз | Педагог-профориентатор |
21 | Болашақ мамандықты таңдау тақырыбы бойынша суреттер мен шығармалар конкурсы | 1-8 | Сәуір | Педагог-профориентатор |
22 | «Болашағың өз қолыңда» тренингі | 1-9 | Мамыр | Педагог-профориентатор |