«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы бойынша ақпарат
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы бойынша ақпарат
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Тұлғалық даму «Кітап оқитын мектеп» жобасын ұйымдастыру мақсатында мектебімізде кітапханашы А.А. Зайнолданованың бастауымен «Кітапқа екінші өмір сыйла» қайырымдылық акциясы басталып, жұмыссын жалғатыруда. «Менің үйімдегі кітаптар» жұмысы бойынша да жұмыс жүргізілуде. Балалар мен ата-аналардың үйдегі кітаптарды бірге оқуы бойынша видеороликтер жасалынып, әлеуметтік желілерге салынды.
Білім алушыларды кәсіптік бағдарлау жөніндегі іс-шаралар бойынша мектебімізде оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, алдыңғы буын аға-апайларынан үлгі алу мақсатында «Жарқын жастық- баянды болашақ» тақырыбында кешегі мектеп түлектері, бүгінгі жоғарғы, кәсіптік оқу орындарының студенттерімен кездесу кеші өткізілді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=686366953270262&id=100056908907455&mibextid=Nif5oz
«Батырлар институты» жобасы бойынша «Батыр бабалар» аудандық суреттер сайысы бойынша мектепшілік кезеңі өткізіліп, ауданға 1 орын алған 8-сынып оқушылары Сарылхан Нұржігіт пен Қабыкен Нұрділданың жұмыстары жіберілді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=685976386642652&id=100056908907455&mibextid=Nif5oz
«Туған жер» фото және бейнебаян конкурстарын өткізу бойынша оқушыларымыз «Ауылымды мадақтаймын» көркем жерлерді фотоға түсіріп, колладж жасау акциясына қатысып, үздік жұмыс 4-сынып оқушылары Оқанбаева Елдана жанатбекқызы, Алтайбекова Айзере Мирхатқызының жұмыстары әлеуметтік желілерге салынды. https://www.instagram.com/p/CnmtUAyLqiE/?igshid=NTdlMDg3MTY=
Аталмыш жоспар бойынша іс-шаралар өтіліп, жұмыстар жалғасын табуда.