2022-2023 оу жылы «Ұстазға мың алғыс!» мерекелік кеші » Жаңаауыл негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (723) 433-19-82
Есепші бөлімі:
+7 (776) 547-42-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2022

2022-2023 оу жылы «Ұстазға мың алғыс!» мерекелік кеші

«Ұстазға мың алғыс!»

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
 қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

«Үкілі домбыра» оркестрінің орындауында  «Үш қоңыр» әні

Әдеби монтаж (1-4 сыныптар)

М — мейірімді
 Ұ — ұлағатты
 Ғ — ғазиз
 А — ақылшы
 Л — лайықты
 І — іскер
 М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге) Сағатбекова Кәусар «Ардақты ұстаз»


 1- жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
 Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
 Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
 Өздеріңнен бастау алар бар арман.
 
 2- жүргізуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
 Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
 Өмірді алға қарай өрлететін,
 Сендерде Ұлы Отанның болашағы –


 1- жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
 
 2- жүргізуші:

«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
 
 1- жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
 
 2- жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
 Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
 
 1-жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
 
 1,2-жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
 
 1- жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстазға мың алғыс!» атты мерекелік кешіміздің құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Мустафина Гульчат Чайхановнаға  береміз.
 2 - жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
 Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
 Айтыңдаршы, адам бар ма 
өмірде,
 Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
 Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
 Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
 Ағайын, тойларыңа тарту етем,
 Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
 
Ән «Ақылшы мұғалім». Орындайтын: Ахмадиева Кәусар

Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман.  «Жас маман» деген кім?

Ж- жігерлі

А- алғыр

С- сұлу да сымбатты

М- мақсаткер

А- айтқанды екі етпейтін

М-мінезі жайсаң

А-арманшыл

Н- насихатты тез қабылдайтын жас маман Бәрі бірге: Жас маман

1-жүргізуші:

Уан, ту, сри деп үйреткен

Ағылшын тілінде сөйлеткен

Аружан Қайратқызы ортамызда 

Бақытын тауып жүрген еңбектен.

2-жүргізуші:

Математик нағыз маман өзіңсің

Өзгелерге ісің үлгі, сөзің шын.

Оқушыларың аудан, аймақ көлемінде шектелмей,

Облыстан бас жүлдемен көрінсін. Ортаға Диана Бекболатқызы мен Аружан Қайратқызын шақырамыз.

Сауалнама, ойын жүргізіледі. Зейнеткер ұстаздар « Жас маман» атты лента тағып , сыйлықтарын береді.

Жас мамандарымыздың құрметіне Ахмадиева Іңкәрдің орындауында «    » әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:  Ұстаздардың шаршамайтын еңбегіне таң қалам,

Ұлылықпен, даналықпен өмір заңын талдаған.

Талай ғасыр құпиясын ашып келген ғаламның

Сол арқылы сүйемін мен қасиетін даламның.


2- жүргізуші: Сол ұстаздың мерекесі елім бүгін тойлайтын,

Жақсы тілек, адал ниет ұстазға әркез ойлайтын.

Мен де қосам сол тілекке биіктерден асатын

Бақытты боп жанұясы, ұстаз мәңгі жасасын. Ортаға 6-8 сынып қыздарын «Қазақ» биімен шақырамыз. 

 1-жүргізуші: Күнім қанда тамаша,

Көз тоймайды қараса

Бүгін бізде мереке,

Ұстаз күні ерекше. 

2-жүргізуші: Күлкіні іздеме, ол өзіңде,

Күлкіні бағала өзің де.

Жаныңа шипа ем беретін,

Күлкі ғой бағалы өмірде – деп ортамызға ұстаздар күнінде жанды жадыратып, жақсы көңіл-күй сыйлайтын ұлдарымызды шақырайық.


1-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз,

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем әуен

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, — дей келе, мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндерін өз өнерлерімен ортаға шақырайық.


1-жүргізуші:“Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын 

да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.
 Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар!

 2- жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға кәсіподақ ұйымының төрайымы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тоқтасынова Гүлнар Кәкенқызын шақырамыз.

1-жүргізуші:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы. Ән:  «Ұстаз ана». 


1-жүргізуші: О,Ұстаздар,басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз

Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде

2- жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
 Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
 Білімімен суарған шәкірттерін,
 Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің мерекелік кешіміз осымен аяқталды. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын!

2- жүргізуші: Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер азаматтар болып өссін!





Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы, Жанааул ауылы, АТАУСЫЗ №14,1

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru